Жаңалықтар

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Маңғыстау облысындағы тасжолда екі Toyota Camry көлігі соқтығысып, төрт адам қаза тапты.Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына жолға шығып кеткен түйе себеп болған. Көліктердің бірі жануармен соқтығысқаннан кейін қарсы бағытқа шығып, екінші Toyota Camry көлігімен соғылған. Соқтығыс салдарынан екі көлік те қатты зақымданып, төрт адам көз жұмған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

 

Маңғыстау облысында Жетібай–Бейнеу жолында адам өліміне әкелген жол апаты болды. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарады.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 16 қыркүйек күні сағат 20:30 шамасында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Жетібай ауылынан Шетпе ауылы бағытында келе жатқан Toyota Camry жолдың үстінде жүрген түйені қағып кеткен. Соққыдан кейін көлік қарсы жолаққа шығып, қарсы бағытта келе жатқан екінші Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

«Соқтығысудан кейін автомобиль қарсы қозғалыс жолағына шығып, қарсы бағытта келе жатқан Toyota Camry көлігімен соқтығысқан», – деп хабарлады полиция.

Жол апатынан екі көліктің жүргізушісі және екінші Toyota Camry көлігінде болған екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Тағы төрт адам түрлі дәрежедегі жарақатпен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Қылмыстық іс қозғалды

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Көліктер арнайы тұраққа қойылып, сараптамалар тағайындалды. Полиция апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Оқиға орнынан тараған видеоларда қатты зақымданған көліктерді, жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысын көруге болады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 112 - Ақтау - Актау (@112_aktau)