Жаңалықтар

Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды

Мұрат Бөрібаев Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы buginmedia.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін Бөрібаев Сәтбаев қаласының әкімі болған.

Мұрат Бөрібаев 1991 жылы туған. Еңбек жолында «Қазақмыс» корпорациясы жүйесінде қызмет атқарып, Жезқазғандағы №1, №2 және №3 байыту фабрикаларын басқарған.

Ол Жезқазғанды 2022 жылдан бері басқарған Қайрат Шайжановтың орнына келді. Бұған дейін Шайжанов қызметінен өз еркімен кететінін мәлімдеген.