Жаңалықтар

Түрмеде отырған адам видеобайланыс арқылы ақша бопсалаған

Петропавлда саунада екі адамнан ақша талап еткен топтың әрекетіне түрмеде отырған ер адам да қатысқан. Ол жәбірленушілермен бейнебайланыс арқылы сөйлесіп, ақша беруді талап еткен. Бұл туралы Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Соттың мәліметінше, Петропавлда саунада екі адамнан ақша талап еткен топтың әрекетіне түрмеде отырған ер адам да қатысқан. Ол жәбірленушілермен бейнебайланыс арқылы сөйлесіп, ақша беруді талап еткен. Бұл туралы Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот хабарлады.

Сот мәліметінше, Л. жазасын қылмыстық-атқару мекемесінде өтеп жүрген. Осы кезде оның сыбайластары Петропавлдағы саунада екі адамды ұстап, ақша талап еткен. Л. оларға бейнебайланыс арқылы қосылып, күш қолдануы мүмкін екенін айтып, ақша беруді талап еткен.

Сотта оның қылмысқа қатысқаны бірнеше дәлелмен расталған. Жәбірленушілер Л.-ны бейнеқоңырау арқылы сөйлесіп, ақша талап еткен адам ретінде таныған. Сондай-ақ оның сыбайласының телефонынан «Саша» деп сақталған нөмір табылып, оның Л.-ға тиесілі екені анықталған.

Телефондағы хаттарда қылмыстың қалай жасалғаны, іздерді қалай жасыру керектігі және жәбірленушілерден алынған ақшаның бір бөлігін Л.-ға аудару туралы сөйлескен.

Бұдан бөлек, ұялы байланыс операторы бұл нөмірдің Л.-ға тиесілі екенін растаған. Телефонның қылмыс жасалған күні Л. жазасын өтеп отырған мекеме аумағында болғаны да анықталған.

Жәбірленушілердің бірі 300 мың, екіншісі 145 мың теңге көлемінде қарыз рәсімдеген.

Бірінші сатыдағы сот Л.-ны бопсалау бойынша кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Бірақ ол бұл қылмысты бұрынғы үкім бойынша 21 жыл 9 айға сотталған жазасын өтеп жүрген кезде жасаған. Сондықтан оған белгіленген түпкілікті жаза 8 жыл бас бостандығынан айыру болды.

Кассациялық сот төменгі соттардың шешімін өзгеріссіз қалдырды.