Айжұлдыз Адайбековаға сүйіктісі Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады
Қазақстандық актриса және дизайнер Айжұлдыз Адайбековаға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Қазақстандық актриса және дизайнер Айжұлдыз Адайбековаға сүйіктісі, блогер Сәкен Қағаров Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.
Сүйіктісі оған ұсыныс жасап, жүзік сыйлады. Айжұлдыз бен Сәкен бұл ерекше сәттің әсерлі әрі әдемі кадрларымен Instagram парақшасында бөліскен.
Ғашықтарды әншілер мен өнер жұлдыздары құттықтап пікір қалдырған.