Экс-сенатор Геннадий Шиповских жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстандық саясаткер Геннадий Шиповских «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қайта оралғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Қазақстандық саясаткер Геннадий Шиповских «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қайта оралғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, еңбек жолы осы компаниядан басталған. Арада бірнеше жыл өткен соң «ҚТЖ» ұжымына қайта қосылған.
«Еңбек жолым осы темір жолдан басталған еді. Енді міне, араға біраз жыл салып, қайтадан осы үлкен ұжымның қатарындамын», – деп жазды Геннадий Шиповских.
Ол жаңа қызметінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мүддесін білдіріп, жаңа міндеттер атқаратынын айтты.