Аймақ

Қар, бұрқасын, көктайғақ: 5-7 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК 5-7 қарашаға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде барикалық алқаптардың тез өзгеруімен тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел, тұман күтіледі. 5 қарашада еліміздің батысында, 6 қарашада солтүстігінде, 6-7 қарашада шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болжанады. Тек 5 қарашада солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республикамыздың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кезеңнің соңына қарай ауа температурасының түнде 3 аяз-5 жылыға дейін, таулы аудандарда 8 аязға дейін, күндіз 0-7 жылы, таулы аудандарда 2 аязға дейін төмендеуі  күтіледі.