"Қош бол, көңілдес іздеген адам": Жазира Байырбекованың сіңлісі күйеуі туралы шындықты айтты
Әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі Назира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ерлі-зайыптылар арасындағы адалдық мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Назираның сөзінше, өзін құрметтейтін әрі жеке шекарасын сақтайтын әйел үшін отбасы мен адалдық басты құндылықтардың бірі болуы керек. Ол мұндай жағдайда адамның бірге өткізген жылдарына немесе жасына қарамастан, опасыздықты кешіруді міндет деп санамайтынын жазды.
«Өз құнын білетін, өзін-өзі бағалайтын, шекарасы анық, отбасын, неке адалдығын бақытының өзегі деп қарайтын әйелдер “изменаны” кешірмейді», – деді ол.
Байырбекова сондай-ақ әйел адам өз қадір-қасиетін қорғауға құқылы екенін атап өтті. Оның пікірінше, опасыздық жасаған адаммен қарым-қатынасты кез келген кезеңде тоқтатуға болады.
«Қош бол, көңілдес іздеуден басқа өмірден мән таба алмаған адам!» – деп жазды Назира.
Айта кетейік, бұған дейін Жазира Байырбекова да отбасылы ер адамның басқа әйелмен қарым-қатынасы жөнінде жазба жариялаған. Алайда Назира бұл жолғы пікірінің әпкесінің жазбасына байланысты екенін нақты айтқан жоқ.