Жаңалықтар

Астанадағы ерлі-зайыпты өлімі: полиция не болғанын айтты

Астанадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде ерлі-зайыпты қаза тапты. Жанжал кезінде 55 жастағы ер адам әйелін пышақпен жаралаған, кейін өзіне де пышақ жарақатын салған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

53 жастағы әйел мен оның күйеуі алған жарақаттарынан дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған. Ата-анасынан айырылған 15 жастағы мүгедектігі бар баласы қалды.

Ерлі-зайыптылардың арасында не болғанын қазір тергеушілер анықтап жатыр.

— Адам өлтіру және суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — деп түсіндірді Астана қаласы полиция департаменті.