Жаңалықтар

Астанада отбасылық жанжалдан кейін ерлі-зайыпты көз жұмды

Астанадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде ерлі-зайыпты қайғылы жағдайда қаза тапты. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптының арасында жанжал болған. Кейін олардың екеуі де қайтыс болғаны айтылады.

Көршілердің сөзінше, оқиғаға ерлі-зайыптының 12 және 14 жастағы екі баласы куә болған.

Құқық қорғау органдары әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.