Жаңалықтар

БҚО-да «бас аңшы» 5 млн теңге парамен ұсталды

Батыс Қазақстан облысында «Охотзоопром» РМК Батыс өңірлік филиалының басшысы 5 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Батыс Қазақстан облысында «Охотзоопром» РМК Батыс өңірлік филиалының басшысы 5 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды.

ҰҚК мәліметінше, 11 қыркүйекте БҚО ҰҚК департаментінің қызметкерлері 1978 жылы туған Арман Кужахметовті заңсыз ақшалай сыйақы алу кезінде ұстаған.

Тергеу нұсқасы бойынша, ол кәсіпкерден киік аулауға рұқсат беру үшін 5 млн теңге талап еткен.

Арман Кужахметов 2020 жылдан бері Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Охотзоопром» РМК Батыс өңірлік филиалын басқарып келген.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жүріп жатыр.