Отбасы банк ислам ипотекасын қашан іске қосатынын айтты
Қазақстанда ислам ипотекасын іске қосуға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер қабылданды. Алайда Отбасы банк әзірге қажетті лицензияларды алған жоқ. Сондықтан, ипотеканың нақты қашан беріле бастайтыны белгісіз.Бұл туралы Отбасы банк басқарма төрағасының орынбасары Жансұлтан Матай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Бұл туралы Отбасы банк басқарма төрағасының орынбасары Жансұлтан Матай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Оның сөзінше, 23 шілдеде банк қызметіне қатысты бірқатар заңнамалық түзету қабылданған. Олар 21 қазанда күшіне енеді. Бұдан бөлек, банк исламдық ағымдағы шоттар мен пайызсыз ислам депозиттерін ашу үшін лицензия алуы керек.
«Ислам ипотекасын толыққанды іске қосып, оны беруге мүмкіндік жасау үшін алдағы уақытта Құрылтай депутаттарымен бірлесіп қосымша өзгерістерді пысықтауымыз қажет. Ал исламдық терезені ашу үшін қазірдің өзінде қажетті корпоративтік шешімдер қабылданып жатыр. Бірінші кезекте лицензия алу мәселесі қарастырылуда», – деді Жансұлтан Матай.
Банк исламдық қаржыландыру қағидаттарына қатысты арнайы кеңес те құрады. Ол осы бағыттағы саясатты айқындайды. Жансұлтан Матайдың айтуынша, әзірге ислам ипотекасының нақты іске қосылатын мерзімі туралы айту ерте. Себебі банк қажетті лицензияларды әлі алған жоқ.
Бұған дейін Отбасы банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова ислам ипотекасы 2026 жылдың қазан айында іске қосылуы мүмкін екенін айтқан еді.