«Ол жерде бір жан бар»: Мәдина Сәдуақасова алғаш рет киноға түсуіне не себеп болғанын айтты
Қазақстандық әнші Мәдина Сәдуақасова кино саласындағы дебюті туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Қазақстандық әнші Мәдина Сәдуақасова кино саласындағы дебюті туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Өнер иесі биыл алғаш рет фильмге түскенін айтып, «14 күн» картинасында өзін-өзі сомдағанын жеткізді.
Әнші киноға түсуге әдетте қызықпайтынын, алайда бұл жолы фильмге қатысуына ондағы «бір жанның» себеп болғанын жазды.
«Мен киноға мүлдем түспеймін! Бірақ осы жылы дебют болды менде. “14 күнге” түскен себебім, ол жерде бір жан бар… сол үшін ғана», – деп жазды ол.
Мәдина Сәдуақасова фильмдегі рөлі өзіне ұнағанын айтып, көрермендердің жылы пікіріне алғысын білдірді. Сондай-ақ «14 күн» фильмін көрген оқырмандарын пікір қалдыруға шақырды.