Жаңалықтар

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ажырасқаннан кейін бұрынғы әйелі жайлы жағымсыз ақпарат таратып, оның ар-намысына тиді деп айыпталып жатқан актер Нұрсұлтан Жақсыгенге прокурор 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Журналист Руслан Өтепбайдың айтуынша, бүгін блогер, актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот процесі жабық форматта өтті.

Жәбірленуші Фариза Алмасқызының айтуынша, прокурор соттан Нұрсұлтан Жақсыгенді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Келесі сот отырысы 16 қыркүйекте өтеді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)