Жаңалықтар

Шымкент әуежайында әйел сөмкесінен табылған зат үшін сотталды

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты сөмкесінен патрон табылған Жамбыл ауданының тұрғынына қатысты істі қарады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оқиға 2026 жылғы тамызда болған. Азаматша О. Шымкент әуежайынан Жезқазғанға ұшпақ болған. Тексеру кезінде оның сөмкесінен тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 12 калибрлі патрон табылған.

Сараптама патронның зауытта жасалғанын және атуға жарамды екенін анықтаған.

Сотта әйел кінәсін мойындап, патронды байқамай сөмкесіне салып алғанын айтты. Оның сөмкесіне патронның қалай түскенін білмейтінін жеткізді.

Сот әйелді ӘҚБтК-нің 482-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Кінәсін мойындағанын, өкінетінін және құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын ескеріп, айыппұл көлемін 30 пайызға қысқартты.

Осылайша, әйелге 60 мың теңге айыппұл салынды. Тәркіленген патрон жойылады.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.