Шоу-Бизнес

Блогер Айтуғанның бірінші әйелі күйеуінің басқада көңілі барын Меккеде білгенін айтты

Блогер Айтуған Ғалымовтың бірінші әйелі Ильнура күйеуінің басқа әйелге көңілі ауғанын Меккеде білгенін айтты. Бұл туралы ол Лаура Лесбектің подкастында әңгімеледі, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ильнураның сөзінше, Айтуған мен басқа әйелдің қарым-қатынасы шамамен үш жылға созылған. Ол күйеуінен күдіктеніп, екеуінің әлеуметтік желідегі стористерін салыстырып жүрген.

«Олар үш жыл жүрді. Мен бір жылдан кейін білдім. Сезіп жүрдім. “Бірдеңе дұрыс емес. Екеуі сөйлесіп жүрген сияқты” деймін. Өйткені, екеуінің стористерін салыстырып қараймын. Екеуі бірдей жерде жүреді. Бірдей жерде тамақ ішіп жатады. Бірақ бірге түскен фотоларын салмайды», – деді блогер.

Ол күдігін өзімен құрдас қайын сіңлісіне айтқан. Алайда қайын сіңлісі күйеуін сағынғандықтан солай ойлап жүрген шығар деп жұбатқан.

Кейін Ильнура күйеуінің басқа әйелге ерекше қарайтынын Меккеде байқағанын айтты. Оның сөзінше, Айтуған сол кезде ата-анасымен бірге барған әйелге жиі қараған.

«Меккеде жүрген кезде Айтуған оған қарай береді. Басқаша қарайды. Мен сездім. Қасымда келе жатқан мені мүлде көрмейді. “Неге олай қарайсыз?” деп сұрадым. Ол “қараған жоқпын” деп мойындамаған. “Оның исламнан ілімі аз. Сен көп білесің” деп уәж айтты», – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Айтуған Ғалымовтың заңды некедегі әйелі бола тұра екінші әйел алғаны туралы видео тараған. Желі қолданушылары оның екінші әйелі блогер Erkewoka екенін жазды.

Айтуған Ғалымов бұл ақпаратқа қатысты:

«Иә, менің екі отбасым бар. Иә, менің 15 миллион қарызым бар», – деп жауап берген.