Саясат

Таяу шығыстағы жағдайға байланысты Ливаннан 41 адам Қазақстанға жеткізілді

Таяу шығыстағы жағдайға байланысты Ливанда тұратын қазақстандықтар елімізге аман-есен жеткізілді, деп хабарлады buginmedia.kz.

 

"Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен Ливаннан ҚР азаматтарын және олардың отбасы мүшелерін елге эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды", - делінген СІМ ақпаратында.

Аталған операция Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде 2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді.

Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді.