Жаңалықтар

АҚШ-та қазақстандық әйелді ICE ұстады деген ақпарат тарады: СІМ мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде қазақстандық әйелдің АҚШ-та Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметі (ICE) тарапынан ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл мәліметті тексеріп жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Instagram желісіндегі salty_sssalt парақшасында үш баланың анасын қыркүйектің 12-сінде ICE қызметкерлері ұстағаны жазылған.

«12 қыркүйекте үш баланың анасы болып отырған құрбымызды ICE қызметкерлері қамауға алды», – делінген жазбада.

Алайда жарияланым авторлары әйелдің не себепті ұсталғанын және қазіргі жағдайы туралы мәлімет бермеген.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі әзірге ақпаратты растаған жоқ.

«Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

ICE немен айналысады?

ICE – АҚШ-тағы иммиграциялық заңнаманың сақталуын қамтамасыз ететін федералдық қызмет. Ведомство заңсыз көші-қонға, адамдар мен тауарлардың заңсыз тасымалына қарсы күреседі. Қызмет АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігіне қарайды және кей жағдайда Кеден және шекараны қорғау қызметімен (CBP) бірлесіп жұмыс істейді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 💄🧠🍤🎱📿🕳🗯♥️⛓ (@salty_sssalt)