Зейнетке шыққаннан кейін жұмыс істеуге бола ма?
Қазақстанда азаматтар зейнетке шыққаннан кейін де жұмысын жалғастыра алады. Бұл туралы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, зейнеткерлік жасқа жету еңбек қызметін тоқтатуға кедергі болмайды. Азамат жұмысын жалғастыруды немесе тоқтатуды өзі шешеді.
Басты талап – еңбек қатынастарын заңға сәйкес ресми рәсімдеу.
«Зейнеткер еңбек шарты бойынша жұмыс істеген кезде зейнетақы төлемдерін және жалақысын толық көлемде алуға құқылы. Бұл ретте қандай да бір шектеулер көзделмеген», – деп мәлімдеді департамент.
Айте кетейік, Қахақстанда зейнетке шығу жасы ерлер үшін 63 жас, ал әйелдер үшін – 61 жасты құрайды. 2023 жылдан 2028 жылға дейін әйелдердің «зейнеткерлік» жасы өзгермейді және 61 жасты құрайды. Зейнеткерлік жастың ең жоғары деңгейі – 63 жас 2031 жылдан бастап іске асырылады.