Jah Khalib, құлыптаулы телефондар және жабық афтерпати: Астанада Назарбаевтың ұлының үйлену тойы өтті
Нұрсұлтан Назарбаевтың 21 жастағы немересі Тауман Назарбаевтың үйлену тойы Астанада жабық форматта өткен. Қонақтардан той кезінде ұялы телефондарын алып қою сұралған. Негізгі банкет аяқталғаннан кейін мереке жабық форматтағы афтерпатимен жалғасқан. Ulysmedia.kz тойдың қалай өткені туралы жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Нұрсұлтан Назарбаевтың 21 жастағы немересі Тауман Назарбаевтың үйлену тойы Астанада жабық форматта өткен. Қонақтардан той кезінде ұялы телефондарын алып қою сұралған. Негізгі банкет аяқталғаннан кейін мереке жабық форматтағы афтерпатимен жалғасқан. Ulysmedia.kz тойдың қалай өткені туралы жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Той Астанадағы The Ritz-Carlton, Astana қонақүйінде өткен. Мерекеге орай қонақүй іші гүлдермен безендірілген. Ресепшн маңына гүл композициялары қойылып, баспалдақ ақ гүлдерге толтырылған. Той өтетін жерге бөгде адамдарды жақындатпаған. Қонақүйдің лоббиінде жай ғана отыруға келген адамдарға ішінде «өте маңызды іс-шара» өтіп жатқаны түсіндірілген. Ал той қонақтары үшін ғимараттың бүйір жағынан бөлек кіреберіс ұйымдастырылған.
Jah Khalib ән айтты, бірақ түсіруге тыйым салынды
Тойда өнер көрсеткен әншілердің бірі Jah Khalib болды. Алайда қонақтарға мерекені фотоға немесе видеоға түсіруге рұқсат берілмеген. Ұйымдастырушылар шараның құпиялылығына ерекше мән берген. Қонақтардың ұялы телефондары арнайы қапшықтарға салынып, құлыппен жабылған. Осылайша мереке кезінде смартфон камераларын пайдалануға мүмкіндік болмаған. Ұйымдастырушылардың талабы бойынша, тойда болған жағдайлардың барлығы сол жерде қалуы тиіс болған.
Дегенмен кейбір қонақтар әнші Jah Khalib-пен бірге суретке түсіп үлгерген.
Гүлден жасалған тойбастар және жабық кеш
Қонақүйге келген келушілердің бірі той қонақтарының бірі оған шағын гүл шоғын сыйлағанын айтты. Мұндай гүл композициялары тойға келгендерге тойбастар ретінде таратылған.
– Тойбастар шағын гүл шоғы түрінде болды. Маған гортензия мен пион тәрізді раушан гүлдерінен жасалғаны бұйырды. Қызыл гүлдерден жасалған шоқтарды да көрдім, – дейді Ulysmedia.kz тілшісіне сұхбат берген әйел.
Саркыт пен жабық афтерпати
Тойдан қалған саркыт та барынша қарапайым түрде оралған. Қонақтарға оның ішінде не барын көрсететін жазуы жоқ ақ түсті жабық пакеттер таратылған.
Негізгі тойдан кейін қонақтар үйлеріне тарқамаған. Афтерпати Lilou Bar-да өткен. Осыған байланысты мекеме сол күні қарапайым келушілер үшін толық жабылған.
Бар әкімшілігі бұл туралы алдын ала Instagram парақшасында хабарлаған.
«Бүгін жабықпыз. Бүгін есігіміз жабық болады. Ертең әдеттегі режимде сіздерді күтеміз», – делінген мекеме хабарламасында.
Бұған дейін Ulysmedia.kz Тауман Назарбаевтың Айдана Сәрсембаеваға үйленгенін жазған. Екеуі де 2004–2005 жылдары туған, қазір 21 жаста.
Тауман Назарбаев – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Асел Исабаеваның, ел арасында Асел Құрманбаева деген атымен де белгілі болған әйелдің үлкен ұлы.
Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші отбасы туралы ақпарат ұзақ уақыт бойы ресми түрде айтылған жоқ. Бұл туралы бұған дейін БАҚ-та түрлі мәліметтер мен қауесеттер тараған.
2023 жылы Назарбаев «Менің өмірім. Бодандықтан бостандыққа» атты мемуарында Аселмен мұсылмандық салт бойынша некеге тұрғанын жазды. Бұл отбасында екі ұл дүниеге келген: 2005 жылы Тауман, 2008 жылы Байкен.
Жаңа құдалар
Тауманның жары Айдана Сәрсембаева – бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, сондай-ақ «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясын басқарған Әділбек Сәрсембаев пен Әлия Иманбаеваның қызы.
Айдана 2004 жылғы 24 желтоқсанда туған.
Оның әкесі Әділбек Сәрсембаев мемлекеттік қызметте ұзақ жыл еңбек еткен. Ол елорда әкімдігінде, Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген. Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған. Кейін «Қазақстан инжиниринг» компаниясында еңбек етті.
2021 жылы Сәрсембаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалып, бұл қызметті 2022 жылдың тамызына дейін атқарды.