Жаңалықтар

Атыраудағы отбасының өлімі: Ауруханадан шыққан Ақбаян Мұқанғалиева туралы тың дерек шықты

Атырауда ата-анасы мен екі бауырынан айырылған Ақбаян Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығынан шықты. Алайда оның жағдайында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бұл туралы отбасының туысы Фаризат Кенжеғалиева KursivMedia тілшісіне айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Атырауда ата-анасы мен екі бауырынан айырылған Ақбаян Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығынан шықты. Алайда оның жағдайында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бұл туралы отбасының туысы Фаризат Кенжеғалиева KursivMedia тілшісіне айтты.

Оның сөзінше, Ақбаянның денсаулығы әлі де толық қалпына келмеген.

«Өз тамағын ішеді, болды. Әлсіздік бар, емделіп жатыр. Қазір Атырауда апамыздың қолында, сол кісілер қарап жатыр», – деді Фаризат Кенжеғалиева.

Туысының айтуынша, Ақбаян бес баласымен кездескен. Алайда ол ата-анасы мен бауырларының қайтыс болғанын әлі білмейді.

«Ақбаян әке-шешесінің қайтқанын да білмейді. Әзір айтуға келмейтін сияқты», – деді туысы.

Еске салайық, Атырау облысында бір отбасының төрт мүшесі жоғалып кеткен болатын. Іс бойынша Ақбаянның бұрынғы күйеуі Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті деп танылып, кейін сот алдында жауап берді.

Тергеу мәліметінше, ол қайын ағасы Наурыз Мұқанғалиевті және бұрынғы қайын ата-анасын өлтіріп, мәйіттерін жасырған. Кейін Атырауда қайын апасы Мейрамгүл Қарабалинаны да өлтіргені анықталған.

Сот Сұлтан Сәрсемәлиевті кінәлі деп таныған.