Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Рейтинг жаңарғаннан кейін Рыбакинаның еншісінде 9 901 ұпай бар. Ол екінші орынға түскен белоруссиялық Арина Соболенкодан 2 026 ұпайға озып тұр. Соболенконың активінде 7 875 ұпай болса, үздік үштікті 7 265 ұпаймен америкалық Джессика Пегула түйіндеді.
Рейтингтегі өзгеріске US Open-2026 турнирі шешуші әсер етті. Рыбакина қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңіп, жартылай финалға шыққаннан кейін турнирдің қалған нәтижесіне қарамастан әлемдік рейтингте бірінші орынға шығатыны белгілі болды.
Алайда қазақстандық теннисші мұнымен тоқтамай, US Open турнирінің чемпионы атанды. Финалда Рыбакина Арина Соболенкодан 6:4, 5:7, 6:2 есебімен басым түсті.
Бұл — Рыбакинаның US Open-дегі алғашқы чемпиондығы және мансабындағы «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші титулы.
27 жастағы Елена Рыбакина WTA тарихында әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілген 30-шы теннисші болды. Сонымен қатар ол жекелей сында Қазақстан тарихында әлемдік рейтингті басқарған алғашқы теннисші атанды.