Әлемде

Индонезияда паром апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты, 129 адам із-түзсіз жоғалды

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі қолайсыз ауа райы кезінде аударылып, кемінде алты адам қаза тапты. Тағы 129 адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды іздеу-құтқару қызметтері.

Reuters агенттігінің хабарлауынша,  құтқарушылар Virgo Transport 8 кемесінен 108 адамды аман алып қалған. Қазір мамандар теңізде қалған жолаушыларды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Апат жексенбі күні таңертең болған. Іздеу-құтқару қызметінің мәліметінше, кеме сенбі күні Шығыс Явадағы Сурабая қаласынан теңізге шыққан. Бортта барлығы 243 адам, оның ішінде 30 экипаж мүшесі болған.