Жаңалықтар

Астанада әйел 15-қабаттан бала жатқан арбаның үстіне құлады: Екеуі де көз жұмды

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің 15-қабатынан 27 жастағы әйел құлап, қаза тапты. Оқиға кезінде екі жасар бала да көз жұмды, ддеп хабарлайды buginmedia.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел тұрғын үйдің 15-қабатындағы терезеден секіріп кеткен.

«Құлаған кезде екі жасар бала отырған балалар арбасының үстіне түскен. Алған жарақаттарының салдарынан бала көз жұмды. Әйел де қаза тапты», – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.