«Бір өліп, бір тірілдім»: Аша Матай сайлаудан кейін мәлімдеме жасады
Әнші Аша Матай депутаттыққа кандидат болғаннан кейін өзіне айтылған сынға байланысты қиын кезеңді бастан өткергенін айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі сын-пікірлерді ауыр қабылдағанын жасырмады. Оның айтуынша, сол уақытта ұйқысы мен тәбеті бұзылып, эмоционалды тұрғыдан қиындық көрген.
«Ұйықтай алмай, тамақ іше алмай қалған кездерім болды. Менің жүрегім нәзік, өнер адамымын ғой. Жылаған күндер де болды. Бәрі артта қалды. Бір өліп, бір тірілгендей болдым», – деді Аша Матай.
Әнші қазір бұл кезеңнің артта қалғанын айтады.