Жаңалықтар

Әйелдері көп болады: блогер Айым Сейітметованың экс-күйеуі егіздердің тұсауын кесті

Белгілі блогер әрі маркетолог Талғат Итаев Алматыда достары Алишер мен Дамираның егіз ұлдарына арналған тұсаукесер рәсіміне қатысты,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Итаев әлеуметтік желідегі парақшасында бұл шараға ерекше жауапкершілікпен барғанын жазды. Ол Алишермен 6-7 жылдан бері бірге жұмыс істейтінін айтып, оны жақын інісі санайтынын жеткізді.

Блогер балаларға денсаулық, бақыт және ұзақ ғұмыр тіледі.

Жазба көпшілік назарына түсіп, бірнеше сағат ішінде 6 мыңнан астам лайк пен 60-тан аса пікір жинаған. Пікір қалдырғандардың бірі балалардың болашақта «әйелдері көп болатынын» әзілмен жазған.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Талгат Итаев (@t.itayev)