Мәдениет

Қазақстан «Еуровидение-2027»-ге қатыса алмайтын болды: себебі белгілі болды

Қазақстан әзірге 2027 жылы өтетін «Еуровидение» ән байқауына қатыса алмайды. Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) «Хабар» агенттігі ұйымның толыққанды мүшелігіне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz Politico басылымына сілтеме жасап. 

«Хабар» 2016 жылдан бері EBU-дың қауымдастырылған мүшесі болып келеді. Агенттік бұған дейін ұйымға толыққанды мүше болуға және «Еуровидение-2027» байқауына қатысуға өтініш берген.

Алайда EBU талаптарына сәйкес, Қазақстан Еуропалық хабар тарату аймағына кірмейді. Сонымен қатар еліміз Еуропа кеңесіне мүше емес және ұйым жанында ресми бақылаушы мәртебесіне ие емес. Осы себепті «Хабар» толыққанды мүшелік талаптарына әзірге сай келмейді.

Соған қарамастан агенттік EBU-дың қауымдастырылған мүшесі ретінде қала береді. Ұйым өкілдері «Хабармен» ұзақ жылдан бері ынтымақтастық орнағанын мәлімдеді.

Қауымдастырылған мүшелік «Еуровидениеге» қатысуға автоматты түрде мүмкіндік бермейді. Қазақстан бұған дейін балалар арасындағы «Еуровидениеге» 2018–2022 жылдары бес рет қатысқан. Ел өкілдері екі мәрте екінші орын алған.

Австралия мен Канада неге қатыса алады?

«Еуровидениеге» қатысу мүмкіндігі елдің географиялық орналасуымен ғана шектелмейді. Мысалы, Австралия байқауға 2015 жылдан бері арнайы шақырту арқылы қатысып келеді.

Ал Канада маусым айында EBU мүшелік ережелері өзгергеннен кейін ұйымның толыққанды мүшесі атанды. Канаданың хабар тарату корпорациясы EBU-дың қоғамдық хабар таратушыларға қоятын талаптарына сәйкес келеді. Сонымен қатар Канада Еуропа кеңесі жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие.

Канада «Еуровидениеге» алғаш рет 2027 жылы қатысады.

«Еуровидение-2027» Болгарияның Бургас қаласында өтеді. Байқаудың жартылай финалдары 11 және 13 мамырда, ал финалы 15 мамырда өтеді деп жоспарланғ