Жаңбыр жауып, жел күшейеді: демалыс күндеріне ауа райы болжамы
Демалыс күндері Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Оңтүстік өңірлерде әзірге жылы ауа райы сақталады. Ал батыста күн райы біртіндеп жақсарады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Жылы әрі құрғақ ауа райынан кейін Қазақстанның солтүстігінде күн суытады. Бұл өңірлерде жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсерге ұласады. Найзағай ойнап, жел күшейеді. Күндіз ауа температурасы +13…+20°С шамасында болады.
Орталық өңірлерде күндіз +15…+25°С жылы сақталады.
Қазақстанның батысында ауа райы біртіндеп тұрақталады. Жаңбыр тоқтап, күндіз ауа температурасы +20…+30°С-қа дейін көтеріледі.
Ал оңтүстікте әзірге жылы ауа райы сақталады.