Әлеумет

"Мыңдаған адамы асыға күткен сурет": Бақытжан Базарбек ауруханадан фото жариялады

Депутат Бақытжан Базарбек Нұржігіт Қошановты емдеп, өмірін сақтап қалған Тараз қаласының көпбейінді ауруханасы дәрігерлерінің суретін жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Суретте Нұржігіт Қошанов дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің ортасында тұр. Бақытжан Базарбек жазбасында Нұржігіттің өмірін сақтап, есін жиғызып, қайта аяққа тұруына көмектескен дәрігерлерге алғыс білдірді.

«Бұл – еліміздің мыңдаған адамы асыға күткен сурет. Өз білімі, ерекше кәсібилігі мен жанкешті еңбегінің арқасында Нұржігітті ажалдан аман алып қалып, есін жиғызып, қайтадан аяққа тұрғызған Тараз қаласының көпбейінді ауруханасының дәрігерлері», – деп жазды депутат.

Ол медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жоғары бағалап, оларды «заманымыздың нағыз қаһармандары» деп атады.

«Дәрігерлерге мың алғыс! Еңбектеріңізге мың тағзым!» – деді Бақытжан Базарбек.

Депутат Нұржігіттің аяғы сынғанын, сондықтан алда оңалту кезеңі күтіп тұрғанын айтты.

«Нұржігіттің аяғы сынғандықтан, алдымызда әлі реабилитациясы күтіп тұр. Сол бағытта жұмыс жасайтын боламыз», – деп жазды ол.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғаны хабарланған еді. Оқиға Тұрар Рысқұлов ауданындағы Луговой ауылының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, осы жол учаскесінде көлік малды қағып кеткен. Жануардың өлексесі жолда қалып қойған. Оны жолдан алып тастау үшін бір ер адам көлігінен түскен кезде Бақытжан Базарбек басқарған Toyota көлігі оны қағып кеткені айтылған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Базарбек (@bakytzhan.bazarbek)