«Күйеу бала керек емес пе?»: Тойдағы бейтаныс жігіт Тұрсынбектің қызына сөз салды
Астанадағы тойлардың бірінде Самат Есенұлы есімді азамат «шақырылмаған тойдамыз» деп видео жариялаған, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Видеода ол бірнеше эстрада жұлдызына барып, әңгімеге араласқаны, тіпті ортаға шығып тілек айтқаны көрінеді.
Сондай-ақ ол Мөлдір Мұқанның қызы Әдемі Тұрсынбекқызына әзілдеп сөз айтып, анасынан «Күйеубала керек емес пе?» деп сұраған. Мөлдір Мұқан оған «Жоқ» деп жауап берген.
Желі қолданушылары бұл жағдайға әртүрлі пікір білдірді. Бірі азаматтың әрекетін орынсыз деп бағаласа, енді бірі оны жай әзіл ретінде қабылдаған. Кейбір оқырман бұл жағдайдың алдын ала жоспарланған сценарий болуы мүмкін екенін болжап отыр.