Ғалымдар қысым мен холестеринді төмендететін сусын туралы айтты
Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы университет ғалымдары какаоның адам ағзасына әсерін зерттеп, оның қысым мен холестеринд төмендететін қасиеті бар екенін анықтады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
"Доктор Питер" порталының жазуынша, зерттеуге 1986 адам қатысқан. 31 талдау жасалған.
"Үнемі какао ішкен адамдарда ғалымдар холестериннің төмендегенін, тығыздығы төмен липопротеиндерді байқаған", - делінген материалда.
Сонымен қатар, адамдардың аш қарында глюкоза көрсеткіші жақсарып, қысым төмендеген.
Зерттеушілер какао жүрек пен қан тамырларына пайдалы, қандағы глюкозаның жоғары деңгейімен күресуге көмектеседі деген қорытындыға келген.