Әлеумет

"Анама айтуға батылым жетпей жүр": қыз әкесіне қатысты сұмдықты біліп қойған

Құқық  қорғаушы Ләззат Рақышева Threads желісінде әкесінің басқа әйелмен сөйлесіп жүргенін біліп қалған қыздың жазбасын бөлісті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қыздың айтуынша, ол анасы және бауырларымен бірге сіңлісінің үйіне үш күнге барған. Осы уақытта әкесі әлгі әйелді үйге әкелген. Кейін қыз әкесінің телефонындағы хат-хабарларды көріп, жағдайды білген.

Оның сөзінше, әкесі хаттарды өшіріп отырған және әлгі әйелдің нөмірін жұмыстағы ер адамның атымен сақтап қойған. Қыз хат-хабарлардың бір бөлігін түсіріп алғанын жазған.

«Анама айтуға батылым жетпей жүр. Айтсам да, ол бала үшін деп 25 жылдық шаңырағын шайқалтпайды», – деп жазды қыз.

Ол анасының бұрын «ат айналып қазығын табады», «әкесіз өспесін» деген мазмұнда сөздер айтқанын да атап өткен.

Қыздың айтуынша, хат-хабарлардың бірінде әлгі әйел телефоны сынып қалғандықтан байланысқа шыға алмағанын жазған. Оның 6-7 жастағы баласы бар екені де белгілі болған.

«Олардың шаңырақтарына араласқым келмейді, өздері шешеді. Бірақ бұл маған ауыр тиіп жатыр. Ешкіммен бөлісе алмаған соң жазып отырмын», – деді ол.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ракишева Ляззат (@rakisheva_lyazzat)