Танымал әнші 54 жасында жүрегі тоқтап қайтыс болды
Грекияның танымал әншісі Георгиос Мазонакис 54 жасында қайтыс болды. Өнер иесінің өлімі жүрек тоқтауынан кейін болған, деп хабарлайды buginmedia.kz «Афинские новости» басылымына сілтеме жасап.
Грекияның танымал әншісі Йоргос Мазонакис 54 жасында қайтыс болды. Ол 9 қыркүйекте Афиныдағы жекеменшік медициналық мекемеде жүрегі тоқтағаннан кейін ауруханаға жеткізілген.
Грек БАҚ-тарының мәліметінше, әнші Колонаки ауданындағы жеке медициналық мекемеге жоспарланған ем-шарадан өту үшін барған. Сол жерде жағдайы күрт нашарлап, жүрегі тоқтаған. Оқиғадан кейін жедел жәрдем шақырылып, Мазонакис Афиныдағы «Элпис» ауруханасына жеткізілген.
Аурухана мәліметінше, әнші медициналық мекемеге өздігінен тыныс алмай және тамыр соғысы жоқ күйде жеткізілген. Дәрігерлер жүрек-өкпе реанимациясын жүргізгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Өлім уақыты 17:40 деп көрсетілген.
Оқиғаға байланысты Афины полициясы тергеу жүргізіп жатыр. Тергеушілер медициналық мекеменің қызметін, дәрігерлердің әрекетін және көрсетілген медициналық көмектің заңдылығын тексеруде.
Грек БАҚ-тары Мазонакистің плазмаферез процедурасынан өтуі жоспарланғанын жазды. Алайда оның өліміне бұл процедураның тікелей себеп болғаны әзірге ресми түрде анықталған жоқ. Тергеу мен қажетті сараптамалардың қорытындысы күтіледі.
Йоргос Мазонакис 1972 жылы 4 наурызда Никеяда дүниеге келген. Ол музыкалық мансабын 1990-жылдардың басында бастап, үш онжылдықтан астам уақыт бойы грек поп және лайко музыкасының танымал орындаушыларының бірі болды.