Шоу-Бизнес

«Жақыным опасыздық жасады»: Жұлдыз Әбдікәрімова күтпеген жайтқа тап болғанын айтты

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова сұхбат барысында өміріндегі қиын кезеңдердің бірі туралы айтып, өзіне күтпеген адамдардың опасыздық жасағанын жеткізді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Өнер иесінің айтуынша, бұл жағдайдан кейін оның араласатын ортасы кеңейген.

«Қайырымсыз деген дүниелердің барлығынан өткенмін. Маған опасыздық жасаса, қайырлысы деймін. Кез келген дүниенің өз уақыты бар. Демек, ол сенің адамың емес. Өмірімде үлкен бір мәселе болды. Күткен адамдарымнан көрген жоқпын. Күтпеген адамдарым жасады. Керісінше, менің кеңістігім кеңейді. Араласатын ортам көбейді», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.