Жаңалықтар

Іздеуде болған экс-полицей бір жылдан соң ұсталды

Қарағанды облысы тергеу басқармасының бұрынғы басшысы Рустам Құлкеев ұсталды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

ProКадры арнасы экс-полицейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ІІМ қызметкерлері ұстағанын хабарлады.

Анықталғандай күдікті бір жылдан бері Қарағандыда өз үйінде тұрып келген. Ол майнингке арналған құрылғыны ұрлады деген күдікке ілінген. Қылмыстық істі тергеу аясында құрылғы заттай дәлелді сақтау қоймасына жіберілуі тиіс болған. Алайда Құлкеев құрылғыны өзіне алып қалған. 

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 18-бабы 4-бөлгі  "Ұрлық" және 361-бабы "Лауазымын асыра пайдалану" бойынша іс қозғалған.