Жаңалықтар

«Мама, папа, мені іздемеңдер, бір күні қайтып келемін»: Абай облысында оқушы үрейлі хат қалдырған

Абай облысында 9 жастағы бала ата-анасына «пранк» жасаған,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Абай облысының Мақаншы ауданында 9 жастағы бала сабақтан кейін үйіне келіп, ата-анасынан жасырынған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Оқушы ауладағы шаруашылық құрылысына жасырынып, сол жерде ұйықтап қалған. Ал анасы үй маңынан баланың «Мама, папа, мені іздемеңдер, бір күні қайтып келемін» деген жазбасын тауып, туыстарымен бірге полицияға хабарласқан.

Полицейлер баланы іздеуге кірісіп, оны 10 минут ішінде тапқан. Сирена дауысын естіген бала жасырынған жерінен өзі шыққан.

Кейін оқушы ата-анасына мұны «пранк» ретінде жасағанын айтқан.

Полиция ата-аналарды балаларға мұндай әзілдердің қауіпті екенін түсіндіруге шақырды. Ведомствоның мәліметінше, бір сәттік қалжың ата-ананың алаңдауына және ауқымды іздеу жұмыстарына әкелуі мүмкін.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Абай Облысының Полиция Департаменті (@abai_department_police)