Жаңалықтар

Шымкентте көршілер арасындағы жанжал қайғылы аяқталды

Шымкентте көршілер арасындағы жанжалдан кейін 65 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды buginmedia.kz «Halyqstan» Telegram арнасына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал көршілердің бірінің үйінде басталып, кейін ер адамдар сыртқа шыққан. Аула маңында төбелес болған.

Бейнебақылау камераларына түсіп қалған кадрларда жас жігіттің жасы үлкен көршісін бірнеше рет ұрғаны көрінеді. Ер адам жерге құлағаннан кейін де оған соққы жасалған. Оқиға кезінде маңайда бала болған.

Кейін ер адам аулаға кіріп кеткен. Біраз уақыттан соң оның қолына белгісіз түйіншек ұстап, қайта сыртқа шыққаны байқалады.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған. Алайда медицина қызметкерлері 65 жастағы тұрғынның өмірін сақтап қала алмаған. Дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады.

Шымкент қаласының полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында жанжалдың нақты неден басталғаны және оқиғаға кімдердің қатысы бары анықталады.

Дереккөз: Politico.k