Шоу-Бизнес

"Ғашықпын саған, ғажабым": Олжас Абай Дариға Бадықоваға жазба арнады

Әнші әрі актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі жазбасында Дариға Бадықоваға деген сезімін ашық білдірді. Өнер иесі актрисамен бірге түскен суретін жариялаған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Әнші әрі актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі жазбасында Дариға Бадықоваға деген сезімін ашық білдірді. Өнер иесі актрисамен бірге түскен суретін жариялаған.

Олжас Абайдың айтуынша, бес жыл ішінде екеуі алғаш рет бір ай бойы көріспеген. Оның сөзінше, осы уақыт аралығы өз сезіміне басқа қырынан қарауға себеп болған.

«5 жылда бірінші рет бір ай уақыт көріспедік. Екеуіміз де оңай адам емес екенбіз… Тылсым сезім жек көрген сайын, естен тандырып жақсы көргізіп жіберетіні таңғалдырады», – деп жазды ол.

Олжас Абай махаббат пен сезімге бұрынғыдай қарамайтынын да жасырмады. Актер сүюдің ерекше сезім екенін айтып, Дариға Бадықоваға деген ықыласын жылы сөзбен жеткізді.

«Сүю деген керемет екен ғой. Бұрын қалай білмегем. Сендер де айтпайсыңдар. Ғашықпын саған, ғажабым», – деді ол.