Қазақстанда 9 қыркүйекте 35 градусқа дейін ыстық болады
Бүгін, 9 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жылы әрі ыстық ауа райы сақталады. Ал батыс өңірлерде температура төмендеп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде ауа температурасы +14…+16°C, күндіз +30…+32°C болады.
Алматыда да күн ала бұлтты, жаңбыр жаумайды. Түнде +15…+17°C, күндіз ауа температурасы +31…+33°C-қа дейін көтеріледі.
Шымкентте күн ала бұлтты болады. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Ыстық ауа райына байланысты Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.