Ерке Есмахан Италиядағы жаңа видеосын көрсетіп, жазды қалай өткізгенін айтты
Қазақстандық әнші Ерке Есмахан жазғы демалысын қалай өткізгенін айтып берді. Әнші бұл жазда жақсы демалып, көңілді уақыт өткізгенін айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Ерке Есмахан Instagram парақшасында жаңа видео жариялады. Кадрларда әнші гүлдеген ағаштың жанындағы орындықта жазғы көйлекпен отыр. Ол образын күннен қорғайтын көзілдірік пен орамалмен толықтырған.
Әншінің айтуынша, видео Италияда демалып жүрген кезінде түсірілген.
"Бала емізбей, аяғым ауыр болмай, өз рахатыма өткізген жазым болды. Келесі жазға аман-есен жетейік, оқырмандарым", - деп жазды әнші.
"Осы видеодан кейін қалай шабаттанбасқа! Әдемі! Сұлулық жүрекке жетті", "Нәзіктік", "