Шоу-Бизнес

«Тағдырдың ең үлкен сыйы!»: Динара Сәтжан өміріндегі ең үлкен қуанышпен бөлісті

Тележүргізуші Динара Сәтжан отбасындағы қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оның ұлы Даниал Айнұр есімді арумен шаңырақ көтеріп, үйлену тойын өткізген. Динара Сәтжан қуанышты күннен кейін желіде ұлы мен келініне ақ тілегін арнап, ана үшін баласының бақытын көруден асқан қуаныш жоқ екенін жазды.

«Балаларыңның бақытын көру – өмірдегі ең үлкен бақыттың бірі. Ана болу – тағдырдың ең үлкен сыйы! Әр анаға баласының бақытын көріп, осы бір теңдессіз сезімді жүрегімен сезінуді тілеймін. Өйткені балаң бақытты болса – сенің де жүрегің бақытқа толы», – деп жазды тележүргізуші.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Динара Сатжан (@dinarasatzhan)