Ләйлә Сұлтанқызы болашақ келіндеріне қандай талап қоятынын айтты
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Ол ұлдарының болашақ жарлары қандай болуы керектігі және өзі қандай ене болатыны туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Тележүргізуші келінге қатысты дәстүрлі көзқарасын айтып, болашақта талап қоятын ене болатынын әзілмен жеткізген.
«Енелер не қалайды, соны мен де қалаймын. Тырысып-бүрісіп жүремін, жұмсаймын. Қызым емес, әулетке келін болады. Түнгі сағат 03:00-де жатып, таңғы 05:00-де тұрып шай қойып дегендей», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Оның бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында талқыланып жатыр.