"12-13 жасымда еңгезердей еркек зорлады": Ләззат Рақышева кезекті хатты жариялады
Заңгер Ләззат Рақышева өзіне келген тағы бір хатты жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
"Мен де ешкімге керексіз бала болдым.. Әкеме де, шешеме де керегім жоқ.. Қашып далада қонып.. Шөптің арасында аш па тоқпын ба бәрібір еді... Бүткіл ауыл болып бір адам мынау қыз ғой, бұл болашақ ана ғой деген жоқ.. 12-13 жасар кезімде еңгезердей еркектің ермегі болдым.. Зорлап кеткені аздай.. Ауылдың ер балаларының ермегі болдым.. Өмірге ерегісіп өмір сүрдім.. Аспандағы құстардан көмек сұраушы едім.. Бала қиял.. Ертегі кітап. Әдеби кітап көп оқыдым.. Қора сыпырып жүріп бақырып өлең айтушы едім.. Жұрт мені жынды көретін... Есейіп бір жындыға ұзата салды.. Шыны керек бала туған соң баламды қызғыштай қорғадым...
Тұрмыс құрған соң да бейнетім бітпеді.. Жоқ жұқана жер.. Адуынды ене. Қайын апа... Не керек өмір үшін күрес...
Бөлек кеттім төркінге...Үйден анам қуса да кетпедім.. Балаларымды өсіру үшін.. Білім қуып. Кітап оқып. Өзімді қалайда көтердім.. Рас кейде күйіктен ішіп кеткің келген күндерің де болады.. Бірақ мен үнемі ГҮЛЕКЕ... арақ, темекі дос емес.. Әлі-ақ ақ таңың атады деп.. Қайрап жаман жолды баспадым... Солай жүріп бір аяқ жансызданып коляскаға да отырдым.. Ол кезде анам бақилық болған еді.. Жаны жанатта болсын. Өз басын көтере алмайтын күйеуім ұрып-соға бастады.. Не үшін десейші.. Төсек үшін. Менімен жатпайсың. Біреуің бар деп. Маған жан керек. Денсаулық керек.. Аяқ жасамайды.. Бір ішіп келіп ұрған кезінде полиция шақырып, мен үйден қуып шықтым... Солай жалғыз өмірмен арпалыс.. Бір өкініштісі мені бауырларым қолдамады", - дейді қыз.