Жаңбыр, бұршақ, жел: 7 қыркүйекке ауа равйы болжамы
7 қыркүйекте Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал елдің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Батыс өңірлерде кей уақытта жаңбыр күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Сондай-ақ желдің екпіні артып, жекелеген аудандарда тұман түседі.
Оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғуы мүмкін. Синоптиктер бірқатар өңірде желдің күшейетінін ескертеді.
Сонымен қатар еліміздің бірнеше аймағында өрт қаупі жоғары болады. Жоғары өрт қаупі Қостанай, Абай, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында болжанып отыр.
Ал төтенше жоғары өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында күтіледі. Мұндай жағдай Қостанай, Алматы және Жетісу облыстарының кей аудандарында да қалыптасуы мүмкін.