Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған сәби көз жұмды
Бүгін, 13 қазанда Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған жаңа туған нәресте ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Бұл туралы Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева мәлімдеді.
«Абай облысында жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған қыз бала 19:40-та қайтыс болды. 80% күйікпен түсті. Мен Абай облысының өңірлік уәкілімен, қылмыстық іс бойынша облыс прокуратурасымен байланыстамын», - деп жазды ол Facebook-те.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұған дейін Семейдегі жанып жатқан қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің табылғаны хабарланған болатын.