Саясат

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының жаңа әкімі болып тағайындалды

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының жаңа әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды buginmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Бұған дейін Тоқаев Марат Сұлтанғазиевты Алматы облысының әкімі қызметінен босатқан еді.