Жаңалықтар

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен кетуі мүмкін

Алматы облысының жаңа әкімін тағайындауға келісім беру мәселесі бойынша мәслихат депутаттарының жиналысы өтеді,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жиын 4 қыркүйекте сағат 10:00-де Қонаев қаласында өтеді. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі хабарлады.

Жиналыс Жамбыл көшесі, 13/1 мекенжайындағы Қонаев қаласының Мәдениет үйінде ұйымдастырылады.

Жиынға облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары қатысады. Депутаттарды тіркеу сағат 09:00-де басталады.

Жиналыс Қазақстан Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығына сәйкес өткізіледі.

Айта кетейік, Алматы облысын 2022 жылғы маусымнан бері Марат Сұлтанғазиев басқарып келеді.