Төрт министр ауысты: Тоқаев Үкіметтің жаңартылған құрамын бекітті
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңартылған құрамын бекітті. Премьер-министр қызметін Олжас Бектенов сақтап қалды. Үкімет құрамында төрт министр ауысты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңартылған құрамын бекітті. Премьер-министр қызметін Олжас Бектенов сақтап қалды. Үкімет құрамында төрт министр ауысты.
Жаңартылған Үкімет құрамына:
Премьер-министр – Олжас Бектенов;
Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Нұрлыбек Нәлібаев;
Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев;
Премьер-министрдің орынбасары – Қанат Бозымбаев;
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин;
Премьер-министрдің орынбасары – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев;
Сыртқы істер министрі – Мұхтар Тілеуберді;
Қорғаныс министрі – Дәурен Қосанов;
Ішкі істер министрі – Ержан Сәденов;
Әділет министрі – Ерлан Сәрсембаев;
Қаржы министрі – Мәди Тәкиев;
Мәдениет және ақпарат министрі – Арман Қырықбаев;
Энергетика министрі – Ерлан Ақкенженов;
Ауыл шаруашылығы министрі – Айдарбек Сапаров;
Оқу-ағарту министрі – Жұлдыз Сүлейменова;
Денсаулық сақтау министрі – Ақмарал Әлназарова;
Экология және табиғи ресурстар министрі – Әлібек Қуантыров;
Ғылым және жоғары білім министрі – Саясат Нұрбек;
Су ресурстары және ирригация министрі – Нұржан Нұржігітов;
Туризм және спорт министрі – Ербол Мырзабосынов;
Көлік министрі – Нұрлан Сауранбаев;
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – Асқарбек Ертаев;
Төтенше жағдайлар министрі – Мұрат Мұханов;
Өнеркәсіп және құрылыс министрі – Ерсайын Нағаспаев;
Сауда және интеграция министрі – Арман Шаққалиев.
Қандай өзгерістер болды?
Тоқаев төрт министрді ауыстырды. Атап айтқанда, Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне Арман Қырықбаев, Төтенше жағдайлар министрі қызметіне Мұрат Мұханов тағайындалды. Сонымен қатар, Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрі болса, Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалды.
Жаңа Үкімет бекітілгенге дейін бұрынғы министрлер өз міндеттерін атқара берді.
Еске салайық, 28 тамызда Қазақстан Үкіметі отставкаға кеткен еді. Бұл жаңа сайланған Құрылтай алдында Үкіметтің өкілеттігін тоқтату рәсімімен байланысты болды. Мемлекет басшысы Үкімет мүшелеріне жаңа құрам бекітілгенге дейін міндеттерін атқаруды тапсырған.