Саясат

Әлібек Қуантыров Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрі болды

Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрі болып Әлібек Қуантыров тағайындалды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әләбек Қуантыров Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалды.

Осылайша, Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметі бос қалды. Әләбек Қуантыров бұл лауазымды 2024 жылдың жазынан бері атқарып келген.

Айта кетейік, Қуантыров бұған дейін де министр болған. 2022-2024 жылдары Ұлттық экономика министрлігін басқарды.