Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрлігін басқара береді
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Оның кандидатурасын Құрылтайдың бейінді комитеті келісті.
Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрлігін 2025 жылғы қыркүйектен бері басқарып келеді. Оған дейін Мәжіліс депутаты болды.
Еңбек жолында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның даму департаментінің директоры, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бас ғылыми хатшысы, Халықаралық бизнес академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы қызметтерін атқарған.