Жаңалықтар

Емші Бағдагүл келіні өзін сотқа бергенін мәлімдеді

Танымал емші Бағдагүл келіні өзіне қарсы сотқа шағым түсіргенін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Емші жазбасында келініне қатысты ренішін білдіріп, сот отырысына туыстары мен жақындарын ертіп бармақ екенін айтқан.

«Ақ келін деген пайдам. Сотқа беріпті! Бүкіл көрші, ағайын-туысымды, достарымды ертіп барамын бұйырса. Сол келінге қандай қиянат жасадым екен?» – деп жазды Бағдагүл.

Оның жазбасына пікір білдірген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі емшіге қолдау көрсетсе, енді бірі келінінің сотқа жүгінуіне не себеп болғанын сұрады.

«Жайдан-жай бермеген шығар», «Не үшін сотқа берді?», «Құтылғаныңа қуан» деген пікірлер жазылған.